Алматы облысында мопед жүргізушісі рульді басқара алмай қаза тапты

Жол апаты 10 шілде күні Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

-Жүргізуші рульді басқара алмай, мопед аударылуып қалған. Апат салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс болды. Жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Өңір полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көлік жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі сізге байланысты екенін ұмытпаңыз,- дейді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы