Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасы хабарлады.
«Алматы облысы прокуратурасының зерделеуі нәтижесінде Талдықорған қаласының 31 мың абонентіне жылу энергиясын қолданғаны үшін 45 млн. теңгеден аса коммуналдық төлемақы негізсіз қосылған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша а.ж. 1 тамызынан бастап артық төленген коммуналдық төлемдер тұрғындарға төмендетілген тариф түрінде қайтарылады»,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Үшқоңырирригация» МҚК Қарасай ауданының 12 мың су тұтынушысынан сумен жабдықтағаны үшін 50% мөлшерінде ақыны алдын ала алып отырған.Осы талап үлгілік шарттарда да бекітілген.
Аталған төлем суды бергеннен кейін төленетінін ескере отырып, облыс прокуратурасы сумен жабдықтаудың үлгілік шарттарын табиғи монополиялар саласындарғы заңнамаға сәйкестендіру үшін қадағалау актісін енгізді.