Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Жамбыл ауданында Тамғалы-тас шатқалына бара жатқан мектеп оқушылары отырған автобус жол апатына ұшырады. Бұл ақпаратты Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.

"Автобус жыраға түсіп кеткен. Қазір жарақат алғандардың барлығы Жамбыл аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар дәрігерлердің бақылауына алынып, толық тексеріс басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, барлығының дене жарақаттары жеңіл. Бірақ соған қарамастан оқушылар болғандықтан рентген, МРТ жасату сияқты толық медициналық тексеру жайлы шешім қабылданды", - деді ол.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғаны-қозғалмағаны белгісіз. Кейбір жергілікті БАҚ оқушылардың Алматыдағы 134 лицейде оқитынын жазды.

Еуропа одағының статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын елдердің бестігіне енеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы