Алматы облысында майлық шығаратын цехта алапат өрт болды

17 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылында орналасқан өнеркәсіптік базада өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылы 17 наурызда сағат 09:43-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылында қойманың жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жедел түрде жіберілді.

Оқиға орнына келгеннен кейін жалпы аумағы 1000 шаршы метр алаңда бір қабатты цех өртеніп, от жақын орналасқан көрші үйдің уақытша тұрғын үй құрылысына ұласқаны анықталды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 11:01-де оқшауланды, қызыл жалынның үйге тарау қаупі жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарламасында.

ТЖМ мәліметінше, шақыру орнына келгеннен кейін майлықтар шығаратын цех пен қойманың жануы орын алғаны анықталды. Өрттің көрші тұрғын үйге көшу қаупі болған. Өрт сағат 13.25-те жойылды. Оны сөндіруге жеке құрамнан 60-қа жуық адам және 20-ға жуық техника жұмылдырылды.    

Өрт ауданы - 1000 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы