Алматы облысында мас жүргізуші 32 қойды басып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 мамырда Алматы облысындағы Ақсай – Шонжы – Қалжат тас жолында 25 жастағы тұрғын көлігімен бір қора қойды басып кеткен.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға орнынан өлген 32 қой табылды.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы таңғы 07-лер шамасында болған. Жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып жолға шыққан бір отар қойды байқамай қалған. Сондай ақ ол оқиға орнынан бой тасаламақ болған.
Медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, Toyota Land Cruiser жүргізушісі мас болған.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ӘҚБК-нің 608 және 610-баптарында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс қозғалды. Тәртіп бұзушы ұсталып, қамауға алынды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында тұрғындарды алдап келген алаяқтар ұсталды
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы