Алматы облысында маралдар фототұзаққа түсіп қалды
Жас маралдардың ойыны «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінде орнатылған фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ерекше әдемі жануар тұяқтылардың ішіндегі ірісі болып табылады-салмағы 300 келіден асуы мүмкін. Ересек дарақтардың мүйізінің ұзындығы 120 сантиметр, салмағы 12 келіге дейін жетеді, - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратқан хабарламада.
2021 жылғы санақ бойынша «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркіндегі маралдың саны 1700 бас болған, ал биылғы жылғы санақ қазан айында жүргізілетін болады.
Айта кету керек, марал Қызыл кітапқа енген жануар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы