27 Маусым 2024 2024, 10:55 Фото: скриншот

Алматы облысында мал жаюға шығып кеткен ер адам жоғалып кетті

Ол 25 маусымда мал жаюға шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 25 маусымда мал жаюға шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сол күні сағат 19:30-дан бастап Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан 4 шақырым жерде 1970 жылы туған ер адамның іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Ол таңғы сағат 06:00-де мал жаюға шығып, жоғалып кетті. Іздестіруге 10 қызметкер мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде 1 ҰҰА, 1 жүзу құралы және 1 Алматы облысы ТЖД кинологиялық есебі, 6 құтқарушы, 1 техника және 1 ҚР ТЖМ РЖҚО кинологиялық есебі, полиция департаментінің 4 қызметкері және 1 техника, 5 жергілікті тұрғын бар. Іздеу жалғасуда, - делінген Алматы облысы ТЖМ таратқан хабарламада.