Алматы облысында Lexus жедел жәрдем көлігіне кедергі келтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жедел жәрдем көлігі қозғалысына кедергі келтірген Lexus көлігі жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жәрдем жүргізушісі оны басқаруға кедергі келтірген машинаны видеоға түсіріп алған. Оқиға Қарасай ауданында болған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Lexus автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісін ұстады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полицияға жолдың жүру бөлігін жауып, "темір тұлпарларын" тұрақ аялдамаларына дұрыс қоймаған жүргізушілерге қатысты шағымдар жиі түседі. Қалалықтардан жол қозғалысының барлық ережелерін сақтауды сұраймыз, - деп толықтырды аудандық полиция бастығы Болат Тотыбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Докторантураға түсу ережелеріне өзгертулер енгізілді – БҒМ
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы