Алматы облысында «Көшбасшы» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров бүгіннен бастап «Көшбасшы» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді.

Биыл Алматы облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жастардың қатысуымен көптеген қайырымды істер марафоны өтеді. Дегенмен жастарды қолдау да назардан тыс қалмақ емес. Жастарды көтермелеу, мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында 2002 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы» жастар сыйлығы биыл да өтеді.

Бұл шара был 19-мәрте өткелі отыр. 2019 жылы 200-ден астам жас осы сыйлыққа өтінім білдірсе, 2020 жылы олардың саны 400-ден асты. Биыл да облысымыздағы ерекше жетістікке жеткен жастарымызды «Көшбасшы» жастар сыйлығына белсене қатысуға шақырамыз, - деді басқарма басшысы. 
Аталған сыйлық биыл 20 аталым бойынша ұйымдастырылады. Олар: Үздік жас мемлекеттік қызметші, Үздік жас әскери қызметкер, Үздік жас дәрігер, Үздік жас ұстаз, жаз ғалым, жас спортшы, жас журналист және тағы басқалары. 

Сондай-ақ биыл әр аталым жеңімпазына 250 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады және «Көшбасшы» сыйлығының арнайы мүсіншесі беріледі.

Биылғы сыйлықтың ерекшелігіне тоқсалсам, ол «Үздік жас саясаткер» аталымының қосылуы болып отыр. Өйткені жастарымыз қазір саясатқа белсене араласуда. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы Мәслихат пен Мәжіліс сайлауында жастардың қатысу квотасын 20 пайызға дейін өсірді. Бұл жастардың ерте кезден саясатқа белсене араласуына жағдай жасайды. Сондықтан Жас саясаткер аталымын арнайы қостық, - деді ол. 
Сыйлыққа өтінім қабылдау бүгіннен басталып, қараша айына дейін қабылданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы