12 Мамыр 2020 2020, 09:19
Алматы облысында коронавирустан тағы 5 адам айығып шықты
Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханада тиісті ем қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында 5 адам коронавирустан жазылып шықты. Олар - 1985, 1983, 1997,1981,1989 жылы туған Боралдай ауылының тұрғындары, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Пациенттер 25 сәуірден бастап Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханада тиісті ем қабылдады. Қазір барлығының жағдайы жақсы, - делінген хабарламада.Сонымен Алматы облысында коронавирус індетінен айыққандар саны 77-ге жетті.