Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 10 адам құтқарылды

16 қыркүйекте Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер мен балкон өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір уақытта от екінші қабаттағы балконға ұласып, 30 шаршы метр алаңды қамтыған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтін аймағынан автосатының және үш сатылы баспалдақтың көмегімен 10 тұрғынды құтқарды, оның алтауы- балалар. Өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы