9 Наурыз 2024 2024, 09:32
Алматы облысында колония бастығы пара алған
Алматы облысында колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысында колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 7 наурыз күні пара алды деген күдікпен Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысының ҚАЖ департаменті № 57 мекемесінің бастығы ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу мүддесіне сай, өзге мәліметтер жария етілмейді, - деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.