Алматы облысында көлік жүргізушісі аялдамадағы екі адамды қағып өлтірді

Алматы облысы Іле ауданында автокөлік жүргізушісі жылдамдықпен автобус аялдамасына кіріп кетіп, екі адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 мамырға қараған түні Байсерке ауылын патрульдеу кезінде "Бүркіт-35" экипаж қызметкерлері ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісін мас халде болуы мүмкін екеніне күмәнданды.

Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің "тоқта" деген талабын елемей, керісінше асырынуға тырысты, салдарынан жүк көлікті басқарған 49 жастағы ер адам автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кетті.

Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, құқық бұзушы көлікті орта дәрежедегі мас күйінде айдаған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы