Алматы облысында кезекті турист құтқарылды

Алматы облысында кезекті турист құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, 1973 жылы туған әйел Талғар ауданындағы Рахат тауына көтерілген.

Бірақ биіктікте болған кезде сол жер қалың тұманмен жабылып, ол кәсіби жолнұсқаушы болғанына қарамаста адасып қалды. Қуанышқа орай турист ұялы байланыс ұстап тұрған жерді тауып, 112 нөміріне қоңырау шалған, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жоғалған әйелді тауып, қалаға аман-есен жеткізді.

ТЖМ тауға жалғыз баруға кеңес бермейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы