6 Қыркүйек 2021 2021, 14:54

Алматы облысында карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 14 сәуірінен облыс аумағында «Ashyq» жобасы іске қосылды. Бұл пандемия кезінде бизнес субъектілерінің жұмыс жасауына жеңілдік берді.

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 14 сәуірінен облыс аумағында «Ashyq» жобасы іске қосылды. Бұл пандемия кезінде бизнес субъектілерінің жұмыс істеуіне жеңілдік берді. 

Қазіргі кезде өңірде 8 265 нысан жоба арқылы өз қызметтерін жалғастыруда. «Аshyq» жобасын енгізу басталғаннан бері мониторингтік топтар 4 376 нысанды қамтыды. Соның ішінде жұмыс алгоритмін бұзған 994 нысан анықталды.

QR-кодты сканерлеу кезінде облыс бойынша «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 1 867 келуші анықталды, оның ішінде «қызыл» мәртебе 1 507 келушіде, «сары» мәртебе 621 келушіде анықталды. Еңбекшіқазақ, Алакөл, Жамбыл, Іле, Кербұлақ аудандарында, Қапшағай, Талдықорған және Текелі қалаларында 2 975 340 теңге сомасына 68 әкімшілік жаза қолданылды. 

«Ashyq-тағы» көрсеткіштер аймақта әлі де эпидахуалдың оңалмағандығын айқындап отыр. Соңғы тәулікте 279 адамның вирус жұқтырғаны анықталып отыр. 

Қазіргі кезде коронавирустан қорғану мақсатында екпенің І компонентімен 690 743 мың адам егілді, вакцинаның екінші бөлігін 574 047 тұрғын қабылдады.