Алматы облысында кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа тартпақ болған 90 жағдай тіркелген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы облысы ПД-ті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматы облысында 2021 жылы  қоғамдық орындағы қылмыс көлемі 2 пайызға төмендеген, оның ішінде көшедегі қылмыс 12,7%-ға азайған. Сондай-ақ бұған дейін сотталғандармен жасалатын қылмыс 41 пайызға дейін төмендеген.  

Өткен жылы отбасындағы тұрмыстық кикілжіңдер 5,6%-ға өскен. Кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалатын қылмыс 21,7%-ға төмендеді. Алайда, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалған қылмыс 10,3%-ға артқан, яғни жыныстық қатынасқа тартпақ болған 90 жағдай тіркелді. Статистика бойынша, балаларға зорлық-зомбылық оның маңындағы адамдар тарапынан жасалады, ол анасымен бірге тұрып жатқан тұлға, туыстары мен таныстары болуы мүмкін. Мұндай жағдай негізінен ішімдікке салынған, берекесіз отбасында орын алады,-деді Оразбеков.

Сонымен қатар ол өткен жылы Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан 463 адам қаза тапқанын, 3 231 адам түрлі дене жарақатын алғанын жеткізді.

Адам өліміне әкелетін көлік апаты 16,3%-ға өскен. Жол-көлік оқиғасының 30 пайызы жаяу жүргіншілерді қағу бойынша тіркелген, яғни 734 жағдай, оның 144-і адам өлімімен аяқталды. Жол көлік оқиғасының басты себебі көлік жүргізу ережесін сақтамау болып отыр. Сондай-ақ 1271 адам көлікті ішімдік ішіп жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды,-деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы