Алматы облысында ірі қоқыс полигоны өртенді

Алматы облысында Ұзынағаш ауылы маңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында алапат өрт шықты. Жалын шамамен 1 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар өртті видеоға түсіріп, елді мекенді қаптаған қою әрі ащы түтінге шағымданып жатыр.

Олардың айтуынша, бұл полигонда өрт жиі болып тұрады. Түтіннің қою легі Алматы – Бішкек тас жолынан анық көрінеді.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 18 маусым кешке түскен.

Полигон жергілікті атқарушы органдардың балансында. Жалпы аумағы – 10 гектар, қалдықтардың тереңдігі 3-тен 7 метрге дейін. Алдын ала анықталған өрт аумағы – шамамен 1 гектар. Өртті сөндіру жұмыстары су себу және қалдықтарды қоршау әдістері арқылы жүргізіліп жатыр, – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 25 қызметкер мен 12 техника жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы