Алматы облысында Іле ауданының әкімі ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевты қамауға алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аудан әкімі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қызметтік өкілеттігін асырды деген күдікпен ұстады.
Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың рұқсатымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының шеңберіндегі өзге де мәліметтер таратуға жатпайды,- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
eGov mobile қосымшасында АЭС-ке қатысты жаңа бөлім құрылды
Келесі жаңалық
Түркістанда жоғалып кеткен балықшылар табылды
Өзгелердің жаңалығы