Алматы облысында хирургтар ер адамның асқазанынан ас қасық алды

Қонаев қаласының қалалық көпбейінді ауруханасында хирург дәрігерлер 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасық алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Медициналық мекеменің хирург дәрігері Тахир Закірұлы Шкурәлиевтің айтуынша, мұндай жағдайлардың диагностикасы рентгенографиялық қарауға, эндоскопиялық зерттеуге негізделген. 

Емдеу кезінде күту тәсілі қолданылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда эндоскопиялық алу қолданылды.

Уақтылы диагноз қойылмаған жағдайда қабыну процесі, бөгде заттың айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, жылжуы, сондай-ақ ішектің бітелуі немесе перитониті бар перфорация пайда болуы, бұл өлімге әкелуі мүмкін, - деді Тахир Закірұлы. 

Болжам бұл жағдайда заттың сипаттамасымен және медициналық көмек көрсетудің уақтылығымен айқындалады. Бүгінгі күні пациент өзін қанағаттанарлық сезінеді және бөгде затты ол әдейі енгізгенін мойындайды. 

Пациент Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының заманауи емдеу әдістерін қолданатын, сондай-ақ пациенттерді емдеуде инновациялық тәсілдерді енгізетін дәрігерлеріне өмірін сақтап қалғаны және жылдам, кәсіби, сапалы жұмысы үшін алғыс білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ДСМ
Өзгелердің жаңалығы