Алматы облысында есту қабілетін қалпына келтіретін бірегей ота жасалды
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында кохлеарлық имплантация бойынша жоғары технологиялық ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұндай хирургиялық оталар екі құлағы да саңырау немесе 4-дәрежелі есту қабілетін жоғалтқан адамдарға жасалады.
"Кохлеарлық имплантация" әдісі бойынша есту жүйкесінің талшықтарын тікелей электрлік ынталандыру арқылы ішкі құлаққа электродтық жүйелерді енгізеді.
Кохлеарлық имплантация еліміздің бірнеше клиникаларында ғана жүзеге асырылады. Бүгінгі күні, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері медицина ғылымдарының докторы, профессор, "Оториноларингология Ұлттық медициналық зерттеу орталығы" ФМБУ директорының халықаралық қызмет жөніндегі орынбасары Диаб Хассанның қатысуымен ота жасап, тәжірибемен алмасты.
Шеберлік сағаты аясында 8 ота жасалды. Олардың арасында кохлеарлық имплантация, эндолимфа қапшығын дренаждау, тимпанопластика және оссикулопластикамен санитарлық операциялар болды. Бұл ересек адамдар болғандықтан, көпшілігінде қосалқы аурулар бар, сондықтан дәрігерлер алдымен толық диагностикадан өткен науқастарға жоспарлы түрде ота жасауды жөн көрді. Енді кезекте, облыс тұрғындары көпсалалы аурухана қабырғасында есту қабілетін қалпына келтіруге толық мүмкіндіктері бар, - деді профессор Диаб Хассан.
Алматы облысы бойынша диспансерлік есепте құлақ аурулары бар, оның ішінде есту қабілетінен айырылған 1000-нан астам науқас тіркеуде тұр.
Оториноларингологиялық көмек көрсетуді арттыру қажеттілігін ескере отырып, біз Алматы облысында алғаш рет кохлеарлық имплантация бойынша ота жасадық. Бұрын біздің науқастарда мұндай мүмкіндік болмаған еді, облыс тұрғындары үлкен қалалардағы клиникаларға баруға мәжбүр болған. АККА әкімшілігі, облыстың денсаулық сақтау басқармасы және ӘМСҚ арқасында біз науқастарға күрделі санаттарының біріне жататын ота жасауға мүмкіндік алдық. Кохлеарлық имплантация науқастың есту қабілетін 100% қалпына келтіруге мүмкіндік береді, бірақ бұл дыбыс әлеміне қайтудың тек алғашқы қадамы, содан кейін есту-сөйлеуді қалпына келтіру керек. Біздің мақсатымыз-Алматы облысының тұрғындарымен қатар өзге де аймақ тұрғындарының есту қабілетін қалпына келтіруге көмектесу, - дейді АККА ЛОР бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Асқарқызы.