Алматы облысында есірткі зертханасын ұйымдастырған азамат ұсталды

Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, осылайша, биыл 6 ақпанда Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйде психотроптық заттарды дайындау кезінде қылмыс үстінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады. 

Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға эквивалентті 8 кг артық "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды. Анықталған есірткінің "қара" нарықтағы алдын ала құны 150 млн теңгеден артық сомаға бағаланады. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада. 

ҚР Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы