Алматы облысында ереже сақтамайтын жаяу жүргіншілер жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары жол жүру ережесін сақтамаған жаяу жүргіншілерді анықтау бойынша рейдтер өткізді. Оның нәтижесінде жүзден астам адамның жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені анықталып, оларға айыппұлдар салынды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарады.
Рейдтер «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы аясында ұйымдастырылды.«Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерінің қатаң сақталуын қадағалау мақсатында өткізіліп отырған республикалық іс-шара барысында жол қауіпсіздігіне баса назар аударылуда. Іс-шараның алғашқы күні қауіпсіздік белдігін тақпаған 101 жүргізуші және жаяу жүргіншіге жол бермеген 34 көлік иесі анықталды», - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Сонымен қатар, жол жүру ережелерін өрескел бұзған 15 темір тұлпар арнайы автотұраққа тоғытылды.
Айта кетейік, шілде айында облыс аумағында 95 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттарынан 43 адам қаза болып, 140 адам әртүрлі дене жарақатын алған.
«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 1200-ден астам буклет пен жадынамалар таратты», - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы АҚШ елшісі Абай өлеңін ағылшын тілінде оқыды
Өзгелердің жаңалығы