+27

Алматы облысында ер адамға ағаш құлап, қаза тапты

Қайғылы оқиға 7 сәуір күні Алматы-Бішкек автожолының 37 шақырымында, Шамалған ауылының маңында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қатты желдің салдарынан 46 жастағы ер адамға ағаш құлап, оқиға орнында қайтыс болған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдардың қатысуымен жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің нұсқауларын орындауға шақырамыз,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы