2 Қыркүйек 2026, 22:23
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Алматы облысында ер адам жертөлеге құлап кетті
ТЖМ құтқарушылары ер адамға көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Алматы облысының Іле ауданында құтқарушылар жертөлеге құлап, өздігінен шыға алмай қалған 1957 жылы туған ер адамға көмек көрсетті.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен ер адамды жертөледен шығарды.
Құтқарылған азамат алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.