21 Қазан 2026, 23:52
Фото: Скриншот
Алматы облысында ер адам төрт метрлік құдыққа құлап кетті
Зардап шеккен азамат есін білгенімен, денесінде көгерген іздер мен жарақаттар болған.
Алматы облысының Іле ауданында құтқарушылар ашық құдыққа құлап кеткен ер адамды аман алып шықты.
Оқиға бүгін болған. 1964 жылы туған ер адам тереңдігі төрт метр болатын ашық құдыққа құлап кеткен.
Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы сатының көмегімен ер адамды құдықтан шығарып алды.
Зардап шеккен азамат есін білгенімен, денесінде көгерген іздер мен жарақаттар болған. Құтқарушылар оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.