Алматы облысында ер адам колонияға 14 телефон мен 76 SIM-карта өткізбек болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 мекемесіне ер адам 14 телефон, 76 SIM-карта және бес зарядтау құрылғысын өткізуге тырысты деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 орташа қауіпсіздік мекемесіне ер адам алдын ала скотчпен оралған 14 телефонды, 76 SIM-картаны және бес зарядтау құрылғысын термопот электр шәйнегінің түбіне жасырып өткізуге тырысқан. Мекеме 3660 ә/б және мамандандырылған прокуратура қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды беру фактісіне жол берілмеді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қалалық сотына жіберілетін болады, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы