Алматы облысында ер адам әйелінің басын балғамен ұрған

Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша полицияда қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында заңды шешім қабылдай отырып, мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданатын болады. Тергеу барысы бақылауға алынды,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.

Күйеуім жұмысқа кіріп келді де басымды балғамен ұра бастады. Тірі қалу үшін есікке жүгірдім. Қолыммен өзімді аршалаған кезде шынтақ бөлігі сынып кеткен. Көрші дүкендегі сатушы көмекке келіп, сырттан көмек шақырып мені арашалап қалды. Басымның жеті жерінен тікті дәрігерлер,- дейді жәбірленуші видеода.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы