Алматы облысында ер адам атпен дәмханаға кіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында дәмханаға атпен кіріп келген адамды ұстады. Бұл туралы аудандық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 17 қараша күні Текелі қаласында болған. Куәгерлер түсіріп алған видеоны полицияға жіберген.

Жедел іздестіру шаралары барысында бұзақылық жасаған адам кім екендігі анықталды. Ол Текелінің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Істің құжаттары сотқа жіберілді, - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Ер адам әкімшілік құқық бұзушылық ("Ұсақ бұзақылық") бабы бойынша, Талдықорған мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша 5 тәулікке қамауға алынды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы