Алматы облысында электр қалқандарын шығаратын цех өртенді
Бүгін таңғы сағат 10:14-те кезекші бөлімге Іле ауданы, Боралдай ауылында орналасқан цех аумағынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 11:30-да сөндірілді.
Каз Билдинг-Сервис" ЖШС аумағында электр қалқандарын шығаратын цехта, орамадағы мыс электр кабельдері мен өндірістік жабдықтар өртенді, өрт 290 шаршы метр аумақты шарпыды, – деп мәлімдеді .
Өрттің шығу себебін Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасының және Тергеу басқармасының қызметкерлері анықтайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Электрондық кітапхана қарқынды дамып келеді
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы