Алматы облысында экзотикалық балық түрі өсіріледі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин Алматы облысына жұмыс сапарының аясында Қонаев қаласының маңында орналасқан "Ospanova Development" ЖШС-не барды. Аталған кәсіпорын баррамунди және бахтақ балықтарын өсірумен айналысатын балық өнеркәсібі кешені болып саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Кәсіпорын директоры М. Бектемісовтың айтуынша, кешен – ТМД-да теңдесі жоқ бірегей жоба. Кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 10 000 тонна балық өндіретін кәсіпорынды екі кезеңде іске асыру жоспарлануда.

Жылына 1000 тонна балық өсіруге арналған жобаның I кезеңінің құрылысы 2023 жылдың соңында аяқталды және 2024 жылдың соңына дейін 100 тоннадан астам балық өсіру жоспарлануда.

Инвестордың айтуынша, жобаның құны 67 млрд. теңгеден асады. 2021 жылдан бастап жобаның бірінші кезеңін іске асыруға 8,5 млрд. теңгеден астам қаржы салынды.
Жалпы, бұл жобаны іске асыру импортты алмастыруға және сонымен бірге ішкі тұтыну мен экспорттың көлемін арттыруға ықпал етпек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы