Алматы облысында екі ауылдың атауы өзгертілді

Алматы облысындағы Комсомол және КазЦИК ауылдарының ресми түрде атауы ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Алматы" телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес КазЦИК ауылына қазақ театралды педагогика негізін қалауші Асқар Тоқпановтың есімі берілді, ал Комсомол ауылы Жайнақ деп өзгертілді.

Осы айтулы оқиғаға орай ауылдарда салтанатты іс-шаралар өтті.

Салтанатты шараның құрметті қонақтары қызыл бауды кесті.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ауылдың есімін қазақшаландыру - Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға және оны насихаттауға бағытталған маңызды қадам.

Еске салсақ, былтыр Алматы облысы мәслихатының 10 ауылдың атын қайта атау туралы қаулысының жобасы жарияланды.

Онда Комсомол және КазЦИК ауылдарынан бөлек Чапаев, Энергетический, Междуреченский елді мекендері де болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы