Алматы облысында екі адам уланып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Райымбек ауданында тез тұтанатын сұйықтық буымен уланған екі адам құтқарылды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 13 шілдеде сағат 12.47-де Алматы облысы Райымбек ауданы Нарыкөл ауылынан бір шақырым жерде 2008 жылдан бері жұмыс істемейтін автожанармай құю станциясының аумағында отыз тонналық бос сыйымдылықты тазалау кезінде 1971 және 1987 жылы туған екі ер адам тез тұтанатын сұйықтық буымен уланған. Түскі үзіліс кезінде 1987 жылғы ер адам ыдысты тазалай бастады және тез тұтанатын сұйықтық буымен уланудан есінен танып қалды. 1971 жылы туған екінші ер адам түскі астан оралып, көмекке ұмтылады. Арқанның көмегімен ол серіктесін шығарды, бірақ өзі де уланып, контейнерде есін жоғалтқан,-делінген хабарламада. 

Оқиға орнына келген Алматы облысы ТЖД қызметкерлері арнайы тыныс алу аппараттармен сыйымдылыққа түсіп, ер адамды алы шыққан. 

Екі адам да дереу Райымбек ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне, орташа ауыр жағдайда жатқызылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы