Алматы облысында дүкен өртенді

Алматы облысында өрт сөндірушілер дүкендегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түнде Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында Алтын Адам көшесі бойында бір шатыр жабыны астында орналасқан азық-түлік дүкені мен дәріхананың жануы орын алған.

Көптеген жанғыш материалдардан туындаған үлкен өрт жүктемесіне қарамастан өрт сөндіру есептобы өртті 140 шаршы метр алаңда сөндірді, - деп атап өтті ведомстводан.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы