Алматы облысында дөңгелектер шығаратын зауыт өртеніп жатыр
Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы зауыттан өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ.
Осы сәтте Алматы облысының өрт сөндірушілері Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы резеңке дөңгелектер шығаратын зауыттағы өртті сөндіруде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өртті сөндіру жоғары температурамен және үлкен өрт жүктемесімен күрделенуде, — делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ мәліметінше, 112-ге алапат өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Рекорд: Жетісуда 333 сәбидің тұсауы кесілді
Өзгелердің жаңалығы