Алматы облысында дизель отыны құжатсыз тасымалданған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында дизель отынын құжатсыз тасымалдаған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.


"Бірлескен іс-шаралар барысында Қарасай ауданы бойынша МКБ қызметкерлері және облыс МКД және ДЭР қызметкерлері мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау мен айналымының жолын кесу мақсатында Қарасай ауданының аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Тақырыптық тексерудің нәтижесінде Қарасай ауданының Көксай ауылында жалпы сомасы 1 266 300 теңгеге 13,5 тонна дизель отынын ілеспе құжатсыз тасымалдаған тіркемесі бар Зил маркалы автокөлігі ұсталды", - делінген таратылған ақпаратта.
  
Қазіргі уақытта әкімшілік заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, материалдар Қарасай ауданының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына берілді.
   

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы