Алматы облысында демалыс аймағы өртенді: Зардап шеккендер бар

Алматы облысында «Африка» демалыс аймағының аумағында өрт шығып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, 28 ақпанда сағат 13:48-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданының Байсерке ауылында «Африка» демалыс аймағының аумағында жалпы ауданы 66 шаршы метр болатын контейнердің жанғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу шықты. Ең жақын өрт сөндіру бөлімшесінен қашықтық-15 шақырым, облысы орталығы Қонаев қаласынан қашықтық - 46 шақырым. Қабылданған шаралар арқылы өрт сағат 14:29-да оқшауланып, сағат 14:34-те жойылды.
Өрттің алдын-ала себебі -электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт салдарынан 1969 және 1978 жылы туған екі азамат орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жолданды.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы