Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының ТЖД-сі азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Алматы облысының ТЖД "Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 20 қаңтардағы дауылды ескертуі негізінде, 22-23 қаңтарда Алматы облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтілетінін ескертеді. 22 қаңтар күндіз және 23 қаңтарда түнде жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, арасында 30 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%,-делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы