Алматы облысында цехта жарылыс болып, бір адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында цехта жарылыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.


2020 жылғы 29 қазанда сағат 11.31-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қағаз кептіруге арналған қазандықтың жарылғаны және ішінара шатырдың құлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында өрт болған жоқ.   

Апатты жағдайдың салдарынан 1983 жылы туған бір жұмысшы қайтыс болды (үйіндінің астында қалды, ТЖД күштері шығарып алды). Ал 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жеткізілді, - ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Цехтың ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Апат орнының көлемі 25 шаршы метр. Цехтың төбесі шатыр түрінде жасалған, бір қабатты, профильді жабындымен жабылған, қабырғалары сплитерлік блок. 


Алдын ала болжам бойынша апатты жағдай өндіріс технологиясының бұзылуы салдарынан орын алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы