Алматы облысында биыл 25 адам суға кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шомылу маусымы басталғалы бері Алматы облысында 25 адам суға кеткен, деп хабарлады «Хабар 24».
Қаза тапқандардың оны - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Қайғылы жағдайға демалушылардың бейқамдығы себеп. Сонымен қатар демалыс орындарының бекітілген талаптарды орындамауы да ықпал еткен. Адам шығынын болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері арнайы рейд өткізіп жатыр. Мамандар Балқаш, Қапшағай және Алакөл жағалауындағы тынығушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Жадынамалар таратып, сақтық шараларын естен шығармау керектігіне баса назар аударды.
«Рұқсат етілмеген су айдындарында шомылуға болмайды. Құтқарушылары бар демалыс орнын таңдаған жөн. Егер жүзе алмасаңыздар, терең жерге бармау керек. Және ішімдік ішіп суға түсуге болмайды. Ең бастысы жасөспірімдер мен кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар»,- деді облыстық ТЖД бөлім бастығы Игорь Жуков.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы