Алматы облысында бейнекамералар арқылы 141 қылмыс ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы жедел басқару орталығы камераларының арқасында жыл басынан бері 141 қылмыс ашылып, 11 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде облыс бойынша барлығы 1200-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 871-і облыс орталығының аумағында орналасқан. Жаңа камералардың көмегімен біз жыл басынан бері 141 қылмысты аштық. Бұл көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда өскендігін көрсетеді. Егер әкімшілік бұзушылықтар туралы айтатын болсақ, жыл басынан бері біз 11 152 құқық бұзушылықты анықтадық. Тәжірибелік қызметте бейнебақылау жүйесін қолдану көшелер мен қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіп пен жол қозғалысын сәтті бақылауға және жедел-іздестіру шараларын жүргізуге мүмкіндік береді, – дейді Талдықорған қаласының Жедел басқару орталығының бастығы Бауыржан Шайзанов.

Сонымен қатар, биыл жедел басқару орталығы тағы 250 камераны орнатуды жоспарлап отыр. Олар Текелі қаласы, Панфилов және Қарасай аудандарында орнатылады.

Бұл камералардың тиімділігі қашықтан басқару құралындағы қызметкерлердің кешенді және жүйелі жұмысынан көрінеді, олар не болып жатқанына бірден мән беріп, жедел ақпаратты патрульдік қызметтерге жеткізеді, – деп толықтырды Бауыржан Шайзанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы