Алматы облысында “Байсерке-Междуречинск” тас жолының 23-42 шақырымында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды

Алматы облысында “Байсерке-Междуречинск” тас жолының 23-42 шақырымында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

31 наурызда сағат 01:30-да Ащылысай көлінде су деңгейінің көтеріліп, Қараой ауылын су басу қаупі туындаған.

Аталмыш оқиғаға байланысты “Байсерке-Междуречинск” тас жолының 23-42 шақырымы (Алматы қаласынан Чапаев ауылына дейінгі учаске) аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлады «Қазавтожол».

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы