Алматы облысында барымташы ұрлық үстінде ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Кербұлақ ауданының полицейлері арнайы шара барысында барымташыны ұрлық үстінде ұстап, қолды қылған үйір жылқыны заңды иелеріне қайтарды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.
51 жастағы күдікті қылмыс үстінде ұсталып, айдап бара жатқан 5 жылқысы тәркіленді. Жайылымда жүрген үйір жылқыны түнде қолды қылған оның мал иесіне 2 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтіргені анықталды. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Күдікті сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталғанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы Ербол Ахметқалиев.
Тәртіп сақшылары мал ұрлығын кәсіп қылған барымташының аймақтағы осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеріп, басқа аудандарда да мал ұрлағанын әшкерелеген.
Бұлтартпас айғақтардың арқасында күдіктінің жыл басында Көксу ауданындағы үш жылқының қолды болуына қатысы бар екені дәлелденді. Ол қылмыстық топ құрамында үш жылқы ұрлағанын мойындады. Оның басқа да мал ұрлықтарына қатыстылығы тексерілуде, - деп атап өтті Ербол Ахметқалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа оқу жылында мұғалімдер ПТР-тесттен өтпейтін болды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы