Алматы облысында баланы қағып қашып кеткен экс-полицей ұсталды

Алматы облысы, Көкөзек ауылында Lexus автокөлігінің жүргізушісі велосипед теуіп жүрген 6 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бүлдіршін ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел іздестіру шаралары барысында Lexus RX 300 көлігінің 42 жастағы жүргізушісі ұсталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған азамат полиция қызметкері емес, ол бұрын (апат болғанға дейін) теріс себептермен жұмыстан босатылған. Осы оқиға бойынша бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полициядан.

Полиция дерегінше, күдікті бұрын полиция қызметкері болған. Бірақ жұмыстан шығарылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы