Алматы облысында балалар үйі қызметкерлерінің үстінен іс қозғалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында №1 балалар үйі қызметкерлерінің үстінен жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласы бойынша ҚММ қызметкерлеріне қатысты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде (ҚР ҚК 189-бабы 4-Б. 2-т.). Аталған іс аясында ҚММ лауазымды тұлғаларына қатысты немқұрайлылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (ҚР ҚК 371-бабы 1-б.), - делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтіні айтылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы