Алматы облысында автожолда топырақтың неліктен опырылғаны белгілі болды

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі автожол учаскесіндегі топырақтың опырылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, 14 мамырда сағат 16:50-де Ақсай бөгетінің алдындағы автожол учаскесінде көлемі 3,5 м³ топырақ құлаған.

Топырақтың бір бөлігі Ақсай өзеніне түсіп, судың лайлануының өзгеруіне әкелді. Судың өтуі транзиттік режимде жүзеге асырылады. Құлау аймағындағы жол учаскесі жабылды. Алматы қаласының су арнасының күшімен құлау салдарын жою, оның ішінде айналма жолды ұйымдастыру бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әкімдік аталған құбырдың Алматы қаласына қарасты екендігін айтты.

Оқиға орнында Қарасай ауданының жедел тобы (жеке құрамның 2 адамы, 1 техника бірлігі), мемлекеттік қызметкерлер (4 адам, 1 техника бірлігі), "Қазселденқорғау" ММ мамандары жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы