Алматы облысында автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдағы нашар көру) 25 желтоқсанда сағат 9.30-дaн бастап «Үшарал-Достық» а/ж 83-184 шақырымдары аралығында, атап айтқанда, Көкткма мен Достық станциялары аралығындағы учаске ("Автодор НС" АБК реконструкциялау учаскесі) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. 

Оқыс жағдай орын алса, тұрғындар 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы