Алматы облысында автокөлік өртенді

Алматы облысының құтқарушылары өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Алматы облысы Қарасай ауданы Үштерек ауылының жеке тұрғын үй аумағында шаруашылық құрылыс пен автокөлік өртенді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт 90 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы