Алматы облысында ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 700 млрд теңгеден асты
Астана, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы Алматы облысының драйвері болып отыр. Бұл саладағы жалпы өнім көлемі 700 млрд теңгеден асты, агроөнеркәсіп кешеніне 82 млрд теңге инвестиция тартылды.
Бұл туралы бүгін ел алдындағы есеп беру жиынында облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізудің нәтижесінде соңғы он жылда жүгерінің өнімділігі 1,5 есеге артып, 535 мың тонна өнім алынды (67 ц/га). Қазіргі таңда жүгері өсірумен 6 мың шаруашылық айналысады, оларда 19 мың адам жұмыспен қамтылған.
Алматы облысында жалпы егіс алқабы 953 мың гектарға жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 5 446 өтініш мақұлданды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы