Алматы облысында ауласын су басқан үйлер саны артып келеді
6 наурыз күні сағат 08:25 шамасында Ұзынағаш ауылында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Нәтижесінде 30 тұрғын үйдің ауласы су астында қалды.
Жамбыл ауданындағы сүзгі алқаптарының бұзылуын жою бойынша жергілікті атқарушы органдардың жедел әрекеті. Қосымша су басу қаупінің алдын алу және салдарын барынша азайту мақсатында қорғаныс бөгеттерін нығайту, сондай-ақ ағынды суларды тұрғын үйлерден бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін 5 арнайы техника жұмылдырылып, қосымша тағы 5 техника тартылуда. Жұмысқа 15 маман қатысып жатыр. Жағдай үнемі бақылауда. Барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Оқиғаның даму барысы туралы қосымша ақпарат уақытылы хабарланады,- деді Алматы облысы ТЖД.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Журналистер регламентті қатаң сақтау қажет – Аида Балаева
Келесі жаңалық
ҚБТУ айналасындағы шу. Қор түсінік берді
Өзгелердің жаңалығы