17 Қазан 2024 2024, 06:17 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы облысында әкімшілік ғимараттан өрт шықты

Алматы облысының құтқарушылары әкімшілік ғимараттағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының құтқарушылары әкімшілік ғимараттағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгін түнде Алматы-Қорғас трассасының Іле ауданында бір қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртке оранған.

Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері 240 шаршы метр алаңда өртті сөндіріп, өрттің таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін дер кезінде сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды!